Қасымбек тас-талқаны шыққан жолдардың қашан жөнделетінін айтты
Қызылорда – Жезқазған жолы алдағы екі жылда жөнделмейді. Ал Орталық – Батыс автожолының құрылысы Ислам даму банкінің қаржыландыруынан бас тартуы себепті кешігіп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.09.2018
Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас кеден бекетінің арасы 1-қарашадан бастап ақылы негізге көшеді. Әрбір шақырымы 1 теңге. Алдағы 4 жылда тағы 11 мың ақылы жол іске қосылады. Бірақ мердігерлердің салақтығы мен жауапты шенеуніктердің немқұрайлығынан күре жолдардың қолданысқа беру мерзімі кешігіп жатыр екен. Мәселен, Алматы – Талдықорған жолы 2015 жылы, Астана – Павлодар арасы екі жыл бұрын бітуі тиіс болған. Ал талайдан жыр болған Қызылорда – Жезқазған алдағы екі жылда жөнге келмейді. Ол үшін алдымен «Сарыарқа» газ құбыры тартылуы керек. Ал шенеуніктер бүкіл жолдарды жеті жылдың ішінде жолдың 85 пайызын тақтайдай қылмақ.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- Жергілікті жолдарға енді жыл сайын 150 миллиард теңге бөлінетін болады. Жартысы орталық бюджеттен, жартысы жергілікті бюджеттен. 50 пайыз бен 50 пайыз. Енді осы қаражаттың арқасында жыл сайын жергілікті жолдарда 4 мың шақырымы жөнделетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!