СҚО-да көмір бағасын негізссіз өсіргендер жазаланды
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға көмір сататын кәсіпкерлерге ауыз жаласып, бағаны өсіргені үшін миллиондаған айыппұл салынды. Алайда миллиардтап пайда табатын олар сонда да жыл сайын өзара ымыраласып, маусымның қызған шағында баға өсіргенде қоймайды екен.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
10.09.2018
Жазаға тартылған 4 кәсіпорын – өңірге көмір таситын ең ірі компаниялар. Жыл сайын теріскей жұрты 400 мың тонна көмір тұтынады десек, соның 80 пайызы осы сыбайластардың үлесінде екен. Олар былтыр күзде қылаң берген көмір тапшылығын пайдаланып, халықтың сұранысына ие Шұбаркөл кенішінің өнімін екі есеге дейін қымбаттатып жіберген. Облыстық монополияларды реттеу агенттігі сыбайластардың осылайша заңсыз жолмен тапқан 19 миллион теңгесін тәркілеп, тағы екі миллионға жуық айыппұл салды. Алайда миллиардтап пайда табатын олар мұндай жазаға пысқырмайтын да көрінеді.
Жандос Ермағамбетов, СҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
-Осы жағдай жыл сайын қайталанады. Жылда ондаған миллион теңгеге айыппыұл салып, заңсыз тапқан пайдасын тәркілесек те, көмір сататындар өзара келісіп, бағаны көтеруін қояр емес. Биылғы жағдайды да бақылап отырмыз. Егер былтырғыдай көмір тапшы болса, олар бағаны тағы көтерулері мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!