{metadescription}
Түркияда қалып қоя жаздаған шақалақ жайлы жаға ұстатарлық жайт белгілі болды
Түркияда қалып қоя жаздаған шақалақ жайлы жаға ұстатарлық жайт белгілі болды

Түркияда қалып қоя жаздаған шақалақ жайлы жаға ұстатарлық жайт белгілі болды

Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, уақытынан бұрын туылған баланы алып қайтуға қаржымыз болмады деген қазақстандықтар о баста оны емдетуден өздері бас тартқан көрінеді. Сөйтіп, Васильевтер хал үстіндегі сәбиін қолхат жазып жат жерге қалдырып кеткен. Түркияның жетімдер үйінен бір-ақ шыға жаздаған нәресте жомарт жандардың арқасында бүгін аман-есен елге қайтарылды.      

Туылмай жатып, бейнет көрген сәби, міне, осы. Жат жерде жарық дүниеге келген Полина екі жарым ай дегенде енді туған жеріне қайтып барады. Анасы оны Жерорта теңізі жағалауында демалып жүргенде мерзімінен бұрып босанып қойған. Онда да перзентханада емес, жанармай құю бекетінің әжетханасында. Түрік дәрігерлері әзер дегенде аман алып қалған нәрестені отандық ақ халаттылар бүгін күндіз санавиациямен аман-есен елге жеткізді. 

Константин Хаиров, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары:

-Баланың жағдайы әлі де ауыр. Салмағы аз болып туылғандықтан, тыныс алуы қиынға соғып жатыр. Бұдан артық әзірге еш нәрсе айта алмаймыз. Баланың денсаулығын әлі де тексеру керек. Қолдан келген қажетті емді жасаймыз. 

Васильевтер отбасы перзентхана ақысын төлей алмағандықтан баланы сонда тастап кетуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Содан жас отбасыға жаны ашыған жомарт жан оларға бірден жиырма мың доллар ұстата салған болатын. Бірақ ол қаржы да жеткілікті болмай қалды. Сөйтсе, сәбиге  9 мың доллар тұратын ота жасалған екен. Ол қаржыны Стамбұлда демалып жүрген қазақтың қалталы азаматы сөзге келместен төлеп берді. Сонда ғана барып, қыздың елге қайтуы мүмкін болды. Бірақ, сорақысы сол, жаппай жұрттан көмек сұрап жүрген жерлестеріміз о баста жаға ұстатарлық әрекетке барған екен. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Васильева Дарья мен Васильев Иван жаңа туылған нәрестелерін емдеуден бас тартатыны туралы қолхат жазып, ауруханаға тастап кетіп қалған. Ол сәби жайлы біз сол клиникадан білдік. Ондағылар біздің Түркиядағы консулға қоңырау шалып, хабарлаған. Содан баланың жағдайына араласып, тез арада шешім табуға тырыстық.

Одан қалды, елге оралған бойда сәбидің шетінеп кеткені туралы консулдықтан анықтама сұратқан. Бірақ бұл үшін ерлі-зайыптылар жауапқа тартылады ма, жоқ па ол жағы белгісіз. Десе де, жұбайлардың жол кіресін төлеп берген Сыртқы істер министрлігі енді мұндай жеңілдіктің жасалмайтынын айтып ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде