{metadescription}
Түркістан облысында болған атысқа қатысты жаңа мәліметтер шықты
Түркістан облысында болған атысқа қатысты жаңа мәліметтер шықты

Түркістан облысында болған атысқа қатысты жаңа мәліметтер шықты

Қауыннан шыққан қырғын! Түркістан облысында Шардараға қарасты Достық ауылында дихандарға қарулы шабуыл жасалды. Төбелес соңы атысқа ұласып, жанжалға қатысы жоқ бір үйдің жалғыз баласы мерт болды. Тағы екі тұрғын әртүрлі жарақат алған. Қару кезенгендердің екеуі ұсталды. Ал, көз жұмған Бердіқожа Тұрғынбаевтың туыстары полицейлер қырғынды біле тұра әрекет етпеді деп күйініп отыр.

-Шардара мен Арыс ортасындағы жұрт тегіс қауын-қарбыз, мақта секілді егінмен күн көреді. Жаз бен күз дихандар дайын өнімін жол бойындағы мынадай алаңдарға жинайды. Ал, алыстан келетін жүк көліктері өнімді осындай тарату пункттерінен әкетеді. Жұма күнгі қырғын тып-тыныш мына тарату пунктінде болды деп айта алмайсың.

Бұл сол күнгі оқиғадан үзінді. Қауын сатушылар мен алушылар арасында делдалдық ететін екі жігіт осы жерде клиент үшін ерегісіп, артынша төбелеседі. Соққыға жығылғаны қашып кетіп, бір сағаттан соң 5 машина толы тобырын ертіп келіпті. Келе салысымен жиылып тұрған бір топ адамға бірнеше қарудан оқ жаудырған. Жаңбырша жауған оқтан екі жігіт жарақат алса, 22 жастағы Бердіқожа Ұлықбаев сол жерде жантәсілім етті.

– Айуанды атқандай қырып тастады ғой. Мен оларды кешіре алмаймын ешқашанда. Өз жүрегім жұлынып кетті ғой. Ойбай-ай.

22 жастағы ұлы Бердіқожа қыркүйектің 20-сы күні өз ауылындағы мектепке мұғалім болып орналасам деп күтіп жүрген екен. Оған дейін қарап жүрмейін деп, ауыл шетіндегі егістікке жүк артушы ретінде жалдануға барыпты. Қаңғыған оқ жігіттің бүйрегі, жүрек тұсы мен бетіне тиген. Марқұмның туыстары жергілікті сотқарлар туралы біліп отырып, әрекет етпеген полицейлерге өкпелі.

Құрбанқұл Құрымбаев, марқұмның атасы:

-Төлеген деген бала осы ауылдың жігіті. Бұрын отырып келген дейді түрмеде. Алдын-ала  дайындалған.  Болмаса 1 сағат ішінде 5 машинамен қарулы жігіттер қалай келе қалады?

Сұмдық болатын күні төбелестен кейін жарақат алған жігітке көмектесу үшін жергілікті амбулаторияның ақхалаттылары жеткен екен. Үрейлі жағдай үш дәрігердің көзінше болған. 10 минутқа созылған атыс жылға жеткендей болды дейді қорқып қалған олар.

Әйгерім Халбекова, дәрігер:

-Таңып жатқан баламыз орнынан тұрып, келді-келді деп жүгіріп соларға қарай кетті. Сонымен біз артынан саған тұруға болмайды, қансырап жатырсың деп артынан бара жатқанымыз сол еді  аржақтан бізге қарай оқ атылды. Бәріміз басымызды сауғалап, тығылатын жер іздеп қаштық сол жерде.

Куәгерлердің сөзінше, қарулы шабуыл кезінде оқ атқан тараптан оншақты жігіт болған. Әзірге ұсталғаны екеу ғана. Соның бірі жергілікті әскери комисариаттың қызметкері екен. Алайда, полицейлер қару туралы да, күдіктілер туралы да тіс жарар емес. Осыдан сезіктенген марқұмның туыстары кінәлілер жазасыз қала ма деп қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.