Жақсыбеков зейнетке кетіп, Исекешевтің қызметі өсті
Астанада көптен күткен ауыс-түйіс! Президент жарлығымен Елорда әкімі Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жақсыбеков бизнеске кетіп "Цесна" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал Астана әкімсіз қалды.
Автор: Жәудір Оразхан
10.09.2018
-Жылда күз келгенде жұрт Ақорда жаққа қарай елеңдеп отыратын. Ал саяси сарапшылар болса кімнің қай қызметке тағайындалатынын болжап, жариялап жатады. Бүгінгі ауыс-түйісті де көпшілік күтіп жүрген еді.
Сонымен, соңғы екі жылда Астананы басқарған Әсет Исекешевтың саяси салмағы артып, бүгін Ақордадан бір-ақ шықты. 47 жастағы экс-әкім президенттің оң қолы болды. Исекешев елордалықтардың есінде несімен қалды деген сұраққа келсек. Әсет Өрентайұлы енді ғана қымбат мерседесінен түсіп, таксиге отырғалы жатқан. Және өзімен бірге қарамағындағылары да таксопарк қызметін пайдалануға бұйрық берген болатын. Астананы ақылды қала қыламын деп жүрген де осы Исекешев еді. Ол Елорда көшелеріне «Сергек» деп аталтын бақылау камераларын орнатып үлгерді. Бірақ, Исекешев жауын-шашын жауса үлкен көлге айналатын көшелер мен паркинг мәселесін ақыры шеше алмады.
Президент әкімшілгінің су жаңа жетекшісі Әсет Исекешев енді тұтас Үкіметтің, облыс әкімдерінің жұмысын бақылауға алып,ішкі идеологияға жауап береді. Ал Елбасы Жақсыбековті зейнеткерлік демалысқа жіберді. Қазір ол 64 жаста. Негізі, Жақсыбеков пен Исекешевтің соңғы қызмет ауыстыруы өте ұқсас. Жақсыбеков та екі жыл бұрын Астана әкімі болып жүрген жерінен Президент әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалған еді. Әзірге Елорда басшысының орны бос тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!