Ақтөбедегі атысқа себепкер болған жігіттің есірткі шеккені анықталды
Ақтөбенің қақ ортасындағы атыстан ел дүрлігіп қалды. Қаптаған тәртіп сақшыларының бүтін бір көшені жауып, қымбат көлік тізгіндеген тұрғынмен алысуларына тура келді. Тіпті олар оқ атуға да мәжбүр болған. Мұны көрген жұрт алғашқыда тағы да ылаң салған экстремистер болар деп шошыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.09.2018
Елдің берекесін алған 44 жастағы ер адам болып шықты. Есірткіге елірген ол көше бойындағы бірнеше көлікті соғып кеткен. Онымен қоймай қаша жөнеледі. Соңынан қуған тәртіп сақшыларына да көнбей, көлігінен түсе сала оларға пышақ ала жүгірген. «Сабасына түсіру үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болдық,» дейді полицейлер. Ал ұсталған азаматтың діни экстремистрге қатысы бар-жоғы белгісіз. Бірақ бұрын сотталған және осы жолы есірткінің кесірінен не істеп не қойғанын білмеген көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!