{metadescription}
Алматыда мұрнынан айрылған бойжеткенге кезекті ота жасалды
Алматыда мұрнынан айрылған бойжеткенге кезекті ота жасалды

Алматыда мұрнынан айрылған бойжеткенге кезекті ота жасалды

Тағдыры бетпердеге тәуелді бойжеткен. Алматыда жараның кесірінен мұрынынан айырылған 17 жастағы Алмагүл Жолдасоваға кезекті ота жасалды. Осы сәтті 5 жыл бойы тағатсыздана күткен ол бала күнінде қан тамыр ісігі дертіне шалдыққан екен. Бұл жолы отаға оңтүстік кореялық мамандар да қатысуда. Сәтін салса бойжеткен жарты жыл көлемінде жүзін жасырмай, ел қатарлы емін-еркін жүретін болады дейді дәрігерлер.

17 жастағы Алмагүл Жолдасова туа сала гемангиома, яғни қан тамыр ісігі дертіне шалдыққан. Алғашында мұрынға шыққан жара бара-бара оның танауынан түк қалдырмайды. Соның кесірінен бет пердемен жүруге мәжбүр болған бойжеткен, өзгелерге жүзімді көрсетуге ұяламын дейді. Ал, биыл дизайн мамандығы бойынша колледж табалдырығын аттаған ол, сөз арасында алға қойған мақсатымен бөлісті. 

Алмагүл Жолдасова:

-Тігін кәсібімен айналысқым келеді. Яғни стилист мамандығын да бірге алып жүремін. Өз бизнесімді, ательемді ашсам ба деймін.   Көп уақыттан бері толыққанды бет-әлпетсіз жүрген қиын соғады. Кейде адамдар қарайды деген сияқты. Іштей өзімді жаман сезінемін.

Жараның орны жазылса да мұрны қатты зақымданған Алмагүлге 2012 жылы ота жасалыпты. Ол кезде мұрынның ішкі қуысын қалпына келтірген дәрігерлер осы жолы сыртқы пішінін сақтауға бел шеше кіріскен. Емделуші кішкентайынан біздің бақылауымызда деген ақ халаттылар сәтін салған отаға оңтүстік кореялық мамандардың да атсалысып жатқанын айтады.

Серік Нұрмағанов, балалар бет-жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі:

-Негізі мұрынның шеміршектері, терісі, бәрі гемангиомадан еріп кеткен. Болған жоқ. Жасаудың әдісі бар. Маңдай терісінен етін ауыстырып, солай жасаймыз. Қазіргі кезде бізге Оңтүстік Кореядан мамандар келген. Солармен бірге бір кезеңін жасайын деп жатырмыз.

Әзірге аурухана төсегіне таңылған Алмагүлді 3 аптадан соң тағы бір ота күтіп тұр. Содан кейін түрлі ем қабылдайтын ол жарты жыл көлемінде қатарға қосылып, өзгелерден еш қысылмай жүзі жарқын жүретін болады дейді дәрігерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде