{metadescription}
Шекарашылар Дариға Назарбаевадан көмек сұрады
Шекарашылар Дариға Назарбаевадан көмек сұрады

Шекарашылар Дариға Назарбаевадан көмек сұрады

Шығысқазақстандық шекарашылар «Күршім» шекара жасағы әскери бөлімінің жұмысымен танысуға келген сенаторларға мұңдарын шағып, миллиард теңге сұрады. Бұл қаржы олардың талай жылдан бері қордаланған мәселерін түбегейлі шешуге  қажет екен. Әскерилердің өзге де түйткілдерін Дариға Назарбаева бастаған топ Сенаттың Халықаралық қатынастар, Қорғаныс және Қауіпсіздік Комитетінің көшпелі жиынында талқыланды. 

Шекарашылар сенаторларға қолда бар техниканы ғана емес, тау-шатқалдарды мініп аралайтын жылқыларын да көрсетті. Қытаймен арадағы шекара бекеттерінің жағдайын өз көзімен көрген астаналық меймандар  әскерилердің бірқатар мәселелеріне құлақ асты.  Шекара бекеттерін қазіргі заманғы озық техникамен қамтасыз ету, осы маңдағы жерлерді қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мақсаты үшін заңдастыру жайы көшпелі жиында сөз болды. Одан тыс шекарашылардың әлеуметтік жағдайлары да назардан тыс қалмады. Ал  шекара бекеттерінің инфрақұрылымдарын  жақсартуға қажет қаржы көлемін әскерилер есептеп те қойыпты. Барлығы 1 миллиард 94 миллион теңге керек екен.

Төлеубек Мұқашев,  Сенат депутаты:

-Біз осы отырыстан Парламентте  осының бәрін талқылап, келесі заңдарға соларға заңнамаларға өзгерістер ұсыныстар енгіземіз. Осы біздің шекара жағдайын оны қамтамасыз етуін жақсаруына , оның дамуына өзіміздің үлесімізді қосамыз деп санаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде