Оралда ата-енесін атып өлтірген күйеу балаға қатысты үкім шықты
Қайын жұртының ойранын шығарған Рүстем Дәулетшин енді 19 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.09.2018
4 ай бұрын қанды қылмыс жасаған ол сабырлы қалпынан танбады. Судья үкім оқып болғанша тік тұрып, жақындарына да қарамады. Сотталушы биыл мамырдың 10-ында қайын жұртының үйіне келіп, алдынан шыққан ата-енесіне оқ атқан болатын. Енесі сол жерде жан тапсырса, атасы ауруханада көз жұмды. Сол күні үйде Рүстем Дәулетшиннің ұлы мен әйелі де болған. Жұбайымен бірнеше жыл бірге тұрмаса да, заңды түрде ажыраспаған.
Ал әйелінің әке-шешесіне қару кезенетіндей қандай жағдай болғанын ол осы уақытқа дейін ашып айтпады да. Енді осы қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырып қана қоймай, қайын жұртына 6 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!