{metadescription}
0:000:00
Қатерлі  дертке шалдыққан сәбидің анасы елден көмек сұрады

Қатерлі дертке шалдыққан сәбидің анасы елден көмек сұрады

Солтүстік Қазақстандағы  6 айлық нәресте туа бітті бірнеше дертке ұшыраған. Дәрігерлер перзентханада-ақ жан тәсілім етеді деген сәби күн сайын өмір үшін күресіп келеді.

Мария Истоминаның омыртқасындағы ісікті дәрігерлер бала қырқынан шыққан күні-ақ  ота жасап, алып тастапты. Ал мидағы артық сұйықтықты арагікдік сорып алу үшін сәбидің ағзасына арнайы қондырғы орнатқан. Баланың  бүйрегі де сау емес . Бір басында бірнеше дерті болса да нәрестенің жүзінен күлкі арылмайды. Үш бала тәрбиелеп отырған отбасының өз баспанасы да жоқ. Әкелерінің жалғыз айлығымен күнелтіп отырған   Истоминдер қаржы табылса, Машаның аяғынан тұрып кетуі де ғажап емес екен.

Оксана Истомина, анасы:

-Ресей клиникасындағы бір рет  емдеу құны 600-700 мың теңге. Бізге кем дегенде төрт рет бару керек. Одан тыс баланы аяқтан тұрғызатын арнайы қондырғы қажет. Оның  бағасы миллион теңгеден асып жығылады. Қайырымды жандар табылса, қызымның аяғынан тұрып, тәй-тәй басатынына сенемін. Тек көмектессеңіздер екен.

Тел: 8 708 652 77 09

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.