Қарағандыда менингит жұқтырған баланың өміріне төнген қауіп жоқ
Қарағандыда 6-сынып оқушысынан менингит анықтылды. Сабақта қызуы көтеріліп, басы айналған жеткіншек бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Баланың қазіргі жағдайы жақсарған дейді дәрігерлер. Айтуларынша одан анықталған серозды менингит дер кезінде дәрігер қараса қауіп әкелмейді. Оқушының қасында жүргендерден дерт анықталмаған. Бірақ, ауа және су арқылы жұғатын осы дертке бола, заң бойынша мектептерде карантин жарияланбайды екен. Сондықтан, дәрігерлер баланың денсаулығына ең алдымен ата-ананың көңіл бөлуін еске салады.
Автор: Саят Сабдалы
13.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары