Алматыда ісік ауруына шалдыққандарға керекті препарат таусылып қалды
Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар «герцептин» препаратына зәру. Дәрінің жоқтығынан әйелдер тиісті ем-домдарын қабылдай алмай қиналып жүр.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
13.09.2018
Ирина КОВАЛЕВА науқас:
-Міне, екі апта болды осы дәріні күтіп жүрміз. Оның бір ампуласы 350 мың теңге тұрады. Маған 20 күн сайын екі ампуласы қажет. Оған менің қалтам көтермейді.Бұл бірінші рет емес. Осыған дейін дәрі тапшылығы болып, министрлікке хат жаздық. Сосын мәселеміз шешілген еді.
Сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдерге ауадай қажет препараттың жетіспеуінен дерт асқынып, салдары қиын болуы мүмкін. Бұл жолы да тендер тым кеш өткізіліп, фармацевтикалық компаниялармен келісім-шарттар бекітілгенше бірталай уақыт кеткен. Аталмыш дәрілер Еуропадағы зауыттарда 4-6 ай дайындалады екен. Ол елімізге жеткенше де уақыт керек. Сондай-ақ, ақ халаттылар Алматыда осы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға көбейгенін жеткізді. Қалада сүт безі қатерлі ісігімен 5426 әйел тіркеуде тұр.
Нұрсұлтан ІЗМАҒАМБЕТОВ Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері:
-Қалған дәрілердің барлығы бар. Науқастар емделіп жатыр. Жетпей жатқан қазіргі уақыттағы дәрілерді институт онкологиядан және Қызылордадан қарызға аламыз. Сосын дәрілер түскен соң қайтарамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!