{metadescription}
Алматыда жастар форумы ашылды
Алматыда жастар форумы ашылды

Алматыда жастар форумы ашылды

Маңызды жиынға жеті мемлекеттен келген жас кәсіпкерлер қатысты. Іс-шараның мақсаты іскер азаматтар арасындағы мәдени - рухани байланыс орнату. Үш күнге жалғасатын форумға елімізден 100-ден аса делегат қатыспақшы.

ТМД елдерінен келген жас кәсіпкерлер өз өңіріндегі туризм, өмір салты, бизнес тақырыптарын ортаға салып, өз тәжірибелерімен де бөлісті. Сондай-ақ өздерімен тың бизнес жобаларын ала келіпті. Жиын соңында делегаттарды қаламыздың көрікті жерлерімен қыдыртпақ.

Асхат Оралов, Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

-Ресейден  36 адам келіп отыр.  Татарстаннан  10 адамға жуық делегат  бар. Ішкі туризмді дамыту мен  әдемі жерлерімізді, тарихи ескерткіштерімізді көрсету  мақсатында осындай форум ұйымдастырдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде