{metadescription}
КТК- ның туындысы тағы додаға түспек
КТК- ның туындысы тағы додаға түспек

КТК- ның туындысы тағы додаға түспек

 Халықаралық байқауда талай жүлделі болған КТК телеарнасының туындысы тағы да бағын сынамақ. Бұған дейін кілең мықтылардың арасында үшінші орынды иеленген отандық бейнеролик бұл жолы аймақтық жарнама фестиваліне қатысады. Ред Жолборс деп аталатын байқау қаламызда 29 -қыркүйекке белгіленген.

«Смыслы: Дочь» деп аталатын туынды бұған дейін Киевте өткен халықаралыөқ байқауда қола жүлдені жеңіп алғанын айта кетейік. Фестивальге 10 елден 120 қатысушы келген. Әділқазылар 85 адамнан құралған еді. Суицид тақырыбына түсірілген бейнеролик бірден сыншылардың көңілінен шығып, үздіктер қатарына бір-ақ ілінді. Видеоматериал Тұңғыш Президент қорының қолдауымен түсірілген. Ал сценарий мен әртістерді іріктеумен «Strana media team» компаниясы айналысты.

Наталья Фазылжанова, «Strana media team» студиясының директоры:

-Әлеуметтік жарнама қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көрсетіп, оны өзгертуге тырысатын қысқаметражды кино. Бұл орайда КТК арнасы мен «Strana media team» студиясы  халықтың көңілінен шығатын туындылар түсіріп келеді. Бұған дейін түрлі байқауларда бақ сынап, үздіктердің қатарында жүрген роликтарымыз бұл жолы да жүлделі оралады деп үміттенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.