{metadescription}
Семей әкімі Ермак Сәлімов жұртты дүрліктіріп қойды
Семей әкімі Ермак Сәлімов жұртты дүрліктіріп қойды

Семей әкімі Ермак Сәлімов жұртты дүрліктіріп қойды

 Шенеунік өзінің алдындағы шаһар басшысының бастамасын жалғастырмай, қаладан  Ресейге шығатын жолды басқаша жөндемекші. Бастапқыда трассадан 2-ақ метр жерде тұрған үйлер сүріліп, иелеріне жаңа баспана беріледі делінген. Алайда Сәлімов келісімен тұрғындардың бұл армандарын аласартты.

-Бұл- Семейден көршілес Ресейге қатынайтын басты тас жолдың бірі. Сондықтан жергілікті шенділер оны кеңейтіп, жаңадан асфальт төсеуді төрт жыл бұрын қолға алған екен. Алайда, жұрт олардың бұл жұмысына наразы. Себебі, мынандай жол жиегіндегі баспаналардың қауіпсіздігі еш ескерілмеген.

Асфальт үйлерге тым жақын төселіпті. Сондықтан, тұрғындар үшін аулаларына кіріп- шығудың өзі қиямет қайым. Өйткені, тас жолмен баспаналардың арақашықтығы екі метрге де толмайды. Ал, талап бойынша 5 метр ары болуы керек.

Өрік Аймағанботова Қызыл- Кардон кентінің тұрғыны:

-Біз шыққанда тура алдымызда жол. Мына жерде үлкен камаздар жүріп жатыр. Қан қысымым бар. Күнде тарс-тұрс маза бермейді.

Дегенмен, басты күре жол болғандықтан мұнда көліктер көп жүреді.  Бірақ, мұны Семейдің бұрынғы әкімі Айбек Кәрімов жол жиегіндегі орналасқан баспаналардың бірін қалдырмай бұзып мәселені шешпек болған. Тіпті, дүрліккен жұртқа су жаңа үйдің кілтін табыстауға уәдені үйіп төккен екен. Әйтседе, оның бастамасын қазіргі әкім Ермак Сәлімов қостамады. Сондықтан шенеунік, алғашқы жоспарды қайта өзгертіп жіберген.

Николай Матяшов, жобалаушы кәсіпорынның бас инженері:

-Бұл жоспарда үйлерге төніп тұрған қауіп жоқ. Өйткені, баспанаға жақын жолдың сол жақ қапталын жылжыттық. Енді бұрынғыдай жаяу адамға арналған тротуар екі жақта да болмайды. Оны он жаққа орналастыруды жөн санадық.

Осылайша, мердігер мекеме өздеріне таспырыс берген шенеуніктің жаңа жоспарын жүзеге асырып жатыр. Жол жиегіндегі үйлер бұзылмайтын  болды. Енді, амалы қалмаған тұрғындар әкімдіктің бассыздығын айтып, Астанадан араша сұрауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде