Қазақ балет өнерінің королі 80 жасқа толды
Алдағы жексенбіде Алматыда Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың дүбірлі мерейтойы өтеді. 80-нің сеңгіріне шықса да мемлекеттік академиялық би театрын басқарып, жас ұрпаққа бар білгенін үйретуден жалықпаған ол, әлі де өмір мен өнерден үйренетіні көп екенін айтады.
Автор: Мақсат Мәлік
14.09.2018
Болат Аюханов, Қазақстанның халық әртісі:
-Алғашында мерейтой өткізуге қарсы болғанмын. Себебі, мен әлі өзімді армандаған дүниеге толықтай қол жеткіздім деп есептемеймін. Өнер саласында балеттің жолы өте ауыр. Кейде бізге кесапаттылар кастасы ретінде қарайды. Бізден қызмет жасына қатысты зейнетақыны алып тастады. Бір-бірімізге мұңымызды шаққаннан басқа амал жоқ.
Таяғына сүйеніп жүрсе де шындығын жоғалтпаған Болат Аюханов еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы опера және балет театрында бастаған. Қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленетін өнер майталманының «Қыз Жібек», «Батырлар», «Гамлет», «Кармен-сюита», «Шыңғысхан» және өзге де қойылымдары әлі күнге дейін классикалық өнерді сүйетін қауымның жадында. Ал, балетмейстрдің 80 және мемлекеттік би театрның 50 жылдық мерейтойына арналған шараға әлемдік балеттің жұлдыздары - Мария Эйхвальд, Юлия Цой, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Надира Хамраева және Улугбек Олимов қатысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!