Астана соты елді күлкіге қарық қылған қайықшыларды жазаламайтын болды
Прокурорлар көл болған көшеде резеңке қайықпен жүзген екеудің қылығында тұрған қылмыс жоқ дейді.
Автор: Жәудір Оразхан
14.09.2018
Сондықтан, судья қайықшыларға тағылған айыпты алып тастады. Енді олар айыппұл да төлемейді. Естеріңізге салсақ, мына екі жас жігіт нөсер жаңбырдан кейін Момышұлы даңғылымен резеңке қайықпен жүзген. Осылайша жауын жауса Венецияға айналатын бас қалада қайықпен жүзбесе болмайтынын әжуаламақ болғандарын айтады. Астаналықтардың бұл әзілін түсінбеген полицейлер бұзақылық деп бағалап яғни жол бойында өздері мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіргенін желеу етіп, істі сотқа жіберген. Және әрқайсына 12 мың теңге айыппұл салуды сұраған.
Жандос Садыбеков, Астана қаласының тұрғыны:
-Прокурордың міндеті - күдіктінің кінәсін дәлелдеу деп ойлайтынмын. Мемлекеттік айыптаушы бізді жақтап шықты. Қатты қуандық. Енді бұл қылығымызды қайталамаймыз. . Бірақ, қаланы су басып, жүріп-тұру мүмкін болмай қалса, әрине, қайыққа мінеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!