{metadescription}
Семейде жедел жәрдем жүргізушілері еңбекақыларын ала алмай жүр
Семейде жедел жәрдем жүргізушілері еңбекақыларын ала алмай жүр

Семейде жедел жәрдем жүргізушілері еңбекақыларын ала алмай жүр

Олардың айтуынша, 30 адам үш айдан бері соқыр тиын көрмепті. Соның салдарынан, жүргізушілер несиелерін дер кезінде төлей алмай, жалақы карталары да бұғаттап тасталған.

Ал мекеме басшысы осы уақытқа дейін қол астындағы жүргізушілерді құрғақ уәдемен қарық қылып келгенін жасырмады. Себебі, қаржыға байланысты кедергі жалғыз Семейдің жедел жәрдем қызметінде ғана туындамаған. Оның айтуынша, бүгінде еліміздің әр түпкіріндегі әріптестері де жалақыларын алмай жүр. Жүргізушілер алдындағы  қарыз 12 миллион теңгеден асқан. Сондай-ақ,  жанармай бекетіне де 30 млн теңге берешек. Ал жергілікті денсаулық сақтау саласының басшылығы алдағы күндері бір айдың жалақысы төленетінін айтып сендірді.

Гүлнар Шәріпова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей қаласы бойынша орынбасары:

-Тариф өзгергендіктен жедел жәрдемнің қаражаты азайды. Сондықтан осындай жағдай туындап жатыр. Қазір тарифтарды қалай өзгертуге және көбейтуге байланысты мәселе шешілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде