{metadescription}
Шымкенттен Қызылжарға оқуға барған жастар  қаңғып қалды
Шымкенттен Қызылжарға оқуға барған жастар  қаңғып қалды

Шымкенттен Қызылжарға оқуға барған жастар қаңғып қалды

Теріскейде жатақханада орын тапшы! Манаш Қозыбаев атындағы Солүстік Қазақстан Мемлекеттік  университетінің мыңдаған студентіне бөлме бұйырмай,  сандалып қалды. Қосымша мамандықтар ашып,  соңғы бес жыл бойы «Серпін» бағдарламасы аясында оңтүстіктен тәлімгерлерді тартқан оқу орны оларды жайғастыратын жер таппай қалған. Ал екі жатақхананың құрылысы тек  2021 жылы аяқталады.

Шымкенттік Шерхан Көшенов мемлекеттік  «Серпін»  бағдарламасы аясында  Петропавлда инженер-технолог мамандығын меңгеріп жатқан   төртінші курс студенті. Биыл соңғы курста оқитындарға мүлде жатақхана бермейміз деген соң 20 күн достарымен тәуліктеп пәтер жалдап тұрыпты. Күніне 10-12 мың теңге төлейтін баспанада  олар  10-15 баладан жатқан.  Талай рет деканатқа мұңдарын шағып барған.

Шерхан Көшенов, 4 курс студенті:

-Жылына 30 мың теңге дейді. Сыйсақ кіреміз. Сыймасақ 4 курспыз ғой енді. Амалдаймыз да сыртта. Бірақ пәтер қымбат. 60-70 мың айына.  

Осыдан екі жыл бұрын бұл университетте небәрі 3 мың ғана студент білім алатын. Қосымша 21мамандық ашып, «Серпіндіктердің» санын ұлғайтқан  оқу орны соңғыларын талапқа сай бірінші кезекте жатақханамен қамтамасыз етуі тиіс . Бұған теріскейдің ауыл аймақтарының жастары наразы.  Камераға тура айтсақ, ұстаздар тарапынан қудалау көреміз бе деп қорыққан олар бет жүздерін көрсетпеуді өтінді.  

-Өзіміз пәтер жалдап тұра алмаймыз. Ақша жоқ. Өзім ақылы түрде оқимын. Ата аналарыма да қиын. Жалақылары үлкен емес. Бізге қиын соғып жатыр. Біз де адамбыз ғой, біз де жанбыз ғой. Біз де оңтүсітктен  кем емеспіз,  солтүстік қой , бізге неге көмектеспейді?  

Кезінде 12 мың студент оқыған бұл оқу орнында бұрындары мұндай түйткіл туындамайтын. Қазіргі студенттердің дені ауыл аймақ пен өзге өңірлерден жиналған. Университет басшылығы бұл ретте қол қусырып отырған жоқпыз дейді.

Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

-Қазір 1200 орынға шақталған жаңа екі жатақхананың жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Егер рұқсат беруші мекемелер тарапынан  кешігу болмаса, алдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады. Бұл ғимараттарды  2020 жылдың соңына қарай пайдалунға береміз бе деп отырмыз.    

Биылдан бастап медицина факультетін де ашқан университетке жуырда Үндістаннан 150 студент келмекші екен. Теріскейдің суығында оларды  жылы қабақпен қарсы алайық деген ректорат Митхун Чакрабортидің отандастары үшін ескі жатақхананы жөндетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.