{metadescription}
Қасымов полицейлердің санын қысқартып оның орнына жалақыны көтермек
Қасымов полицейлердің санын қысқартып оның орнына жалақыны көтермек

Қасымов полицейлердің санын қысқартып оның орнына жалақыны көтермек

Елімізде полицейлер жаппай қызметінен қуылуы мүмкін.

Бүгін талай дауға қалған ведомствасын қалай реформалайтынын айтқан Ішкі Істер министрі қарамағындағыларын қайта аттестациядан өткізетінін мәлімдеді. Грузияның тәжірбиесін тықпалай беретіндерді жақтыртпаған  Қалмұханбет Қасымов ішкі істердегі өзгерістің оңай болмайтынын да ашып айтты. Өйткені шешемін таппаған түйткіл  шаш-етектен. Сондай-ақ  Қасымов өзінің  отставкасын талап еткендерге де   жауап берді.

Соңғы кездері сынға ұшырап, тілші көрсе тұра қашатын  Ішкі істер министрі бүгін көпшілік алдына ақыры өзі шықты. Қалмұханбет Қасымов халық тарапынан айтылып жатқан кемшіліктердің орынды екенін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ қылмыстың көбеюі мен оның ізін суытпай  ашуға келгенде біраз ақталуына тура келді.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-Ұрлық – жалпы қылмыстың70 пайызын құрайды. Сұғанақтарды ұстағанымызбен көбі жәбірленушіден кешірім сұрап, жазадан жалтарып жатыр. Сөйтіп, үйреншікті ісіне қайта кіріседі. Бұған жол бермеу үшін, екі рет ұрлық жасап ұсталғандарды міндетті түрде түрмеге қамайтын заң жобасын әзірлеп жатырмыз.

Полицейлердің қолымен жасалатын  қылмыстың да саны артқан. Биыл түрлі заңбұзушылық үшін 600-ден астам тәртіп сақшысы қызметінен қуылып, біразы жауапқа тартылған. Оның үстіне халықты қорғаудың орнына қорлап жүргендері де  жетерлік. Тіпті ішкі істер бөлімдері сыртын биік қоршаулармен қоршап  елден алшақтап кеткен.  102 нөміріне хабарласу да мұңға айналған.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-102 нөміріне қатысты мәселені шештік. Қазір небары 6 секундта диспетчермен тілдесуге болады. Ал, биік дуалдарды бекерден бекер тұрғызған жоқпыз. Полиция бөлімшесінде уақытша қамау абақтысы бар, түрлі қару-жарақ бар оның бәрін күзетуіміз керек. Ал, тұрғындар шағымданғысы келсе, есік арқылы кіреді ғой.

Есік арқылы кіргенімен, арызданушыны қарсы алып шағымына құлақ түретін ешкім жоқ. Мұны министр мойындап отыр.Сондықтан дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенген Қасымов, келер жылдан бастап бөлімше жанынан тұрғындарды қабылдайтын кеңселер ашпақшы. Осы жерде генерал қарамағындағыларын Грузия полицейлерімен салыстырып сынайтындарға өкпесін айтып қалды.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-Біз бір ғимарат та салған жоқпыз. Бізге жалақымызды көтерген де жоқ. Бізге техника берген де жоқ. Бізге жаңа форма мен рацияларды да берген жоқ. Грузияда бұған ақша бөлінеді. Бірақ біз өзіміздің бюджетімізбен істеп жатырмыз. Ақырындап, бірақ мәселені шешеміз.

Тіпті, жөнді нысанның жоқтығынан  қызметкерлеріме  коттедж жалдауға мәжбүрмін деп жыламсырады министр. Ал өзгелерге үлгі болуы тиіс  астаналық полицейлердің хәлі мүлдем мүшкіл. Енді олар  жақында бұрынғы  5 жұлдызды қонақ үйдің ғимаратына  көшкелі жатыр. 22 қабатты  жанға жайлы   отельдің ішінде  сақшылар бұдан-былай күдіктілерден жауап алып,тергеумен айналысады.  Сондай-ақ, Қасымов соңғы кездері отставкаға кетуін талап етіп жүргендерге де жауап берді.

-Біз әскери адамбыз. Үкімет, президент қалай шешеді біз соған көнеміз.

- Бір қызығы Қалмұханбет Қасымов   "жалақымызды көтермеді" , "ақша жоқ"  зар илегенімен  күні кеше 10 миллиард теңгені игере алмағаны үшін премьер-министрден қатты сөз естіген еді. Бірақ қыруар қаржыны уақытылы жұмсап үлгермесе,бұдан да қағылуы мүмкін. Ал  жұрттың жаппай сынынан соң Ішкі Істер министрі   қарамағындағыларын жаппай аттестатциядан  өткізіп, тәртіп сақшыларын 10 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр. Сөйтіп, саннан гөрі сапаға мән береміз деген генерал   полицейлердің жалақысын да  еселеп өсірмек ойда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде