Алматыда «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі өтті
Дәстүрлі шараға еліміздің 15 өңірінен келген мектеп оқушылары қатысты. Тұңғыш президент қорының ұйымдастыруымен биыл бесінші рет өтіп отырған фестиваль мақсаты - балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Автор: Әсем Лесбек
17.09.2018
Бірғаным Әйтімова, Сенат депутаты:
-Бүгін осындай «Арман Дала» деген балалардың орталығында бір 500-дей адам жиналып отыр. Ол осы «Аман келешек» деген бір үлкен қайырымдылық та, білім да, дамуда саласында өтіп жатқан бір үлкен шара. Ол Тұңғыш Президентіміз Елбасының қорының бастамасы.
«Аман келешек» жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары жиналған. Арасында мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар да бар. Шара аясында театр, кино түсіру, цирк сынды 10 тақырыптық алаң ұйымдастырылған. Мұнда қатысушылар әр кәсіппен жеке танысып, шеберлік сыныптарына қатысты.
Ермахан Ибраимов олимпиада чемпионы:
-Cпортқа икемі бар, басқа да салаға икемі бар балалардың бәрін басын қосып Алматыда үлкен бір мейрам жасап жатыр. Бұл балалардың мейрамы, бұл біздің келешегіміздің мейрамы. Сондықтан мұндай конкурстар бізде жыл сайын өтуі қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!