Көкшетауда талайды сан соқтырған әккі ұрылар қолға түсті
Көшпелі ұрылар!. Пәтер тонау үшін Қостанай облысының Рудный қаласынан Көкшетауға келген қылмыстық топ қолға түсті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.09.2018
Аяқтарын аңдап басқан ұрылар иелерінің бар жоғын тексеріп алып отырған. Алғашқы тонаған пәтерден 18 мың доллар мен 1 жарым миллион теңгені және ер адамның жалпақ алтын алқасын оп-оңай алып шыққан. Пәтердің құлпын өздері ашып алып отырған. Бір апта із кескен полицейлер рудныйлық жігіттерді өз үйлерінде бейқам отырған жерлерінде қолға түсірді. 22 , 25 және 35 жастағы үшеу бұрын да осындай қылмыстары үшін істі болыпты.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Күдіктілер кешенді жедел -іздестіру шаралары кезінде белгілі болды.Сол маңайдағы бейнебақылау камераларына қостанайлық мемлекеттік нөмірі бар көлік түсіп қалған. Қазір үшеуі де уақытша қамау абақтысында. Олардың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!