{metadescription}
Петропавлда  екі бойжеткенді қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды
Петропавлда  екі бойжеткенді қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды

Петропавлда екі бойжеткенді қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды

Петропавлда екі бойжеткенді  қағып, оқиға орынан қашып кеткен Лексустың жүргізушісі іздестіріліп  жатыр. 27 жастағы жігіт көлікті  ішіндегі екі жолаушысымен тастап, ізін суытқан. Ал екі қыздың жағдайын  дәрігелер өте  нашар деп отыр. Басы жарақаттанған бір бойжеткен әлі есін де жимапты.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған мына көріністерде түнгі клубтан шыққан қыздардың көшені кесіп өтпек болғаны байқалады. Сол сәтте оларды қатты жылдамдықпен келе жатқан «Лексус» қаққан. Жүргізуші  200 метрдей жүріп, машинасын ішіндегі екі жолаушысымен тастап, қашып кетіпті. Көлік аз жүретін бұл жерде жылдамдықты сағатына он шақырымнан асыруға болмайды. Қалалық ауруханаға жеткізілген 22 жастағы қыз бүгін жарақат бөліміне ауыстырылды. Ал оның 25 жастағы құрбысының аяқ-қолы мен қабырғалары сынып, миына зақым келген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәуренбек Бейсенбаев, СҚО Денсаулық сақтау  басқармасы басшысының орынбасары:

-Қазір жағдайы өте нашар. Ота жасамас  бұрын Республикалық  нейрохиругия  институтының мамандарымен кеңестік. Ол жаққа әзірге пациентті апара алмаймыз. Тасымалдауға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.