Ақтөбеде мұнай қоймасында болған жарылыстан зардап шеккен екі жұмысшы қайтыс болды
Бір апта бойы мамандар оларды аман алып қалуға барын салғанымен, ақыры беттері бері қарамады.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.09.2018
Осыдан бір апта бұрын «Синойл» бекетіне тиесілі қоймадан көлікке жанармай құйып жатқанда жарылыс болған-ды. Қатты дүмпуден 55 жастағы әйел мен 38 жастағы ер азаматты бірнеше метрге ұшырып жіберген. Бұдан бөлек көлік жүргізушінің де мойыны мен қолы күйіп қалды. Ол әлі ауруханада жатыр. Ал тірідей жанып кете жаздаған қос оператор тілге келгенімен, күйік тыныс жолдарын зақымдапты. Бүгін екеуі де көз жұмды. 38 жастағы оператор Серікбай Палуановтың артында бес баласы қалды.
Көшекбай Палуанов, марқұмның ағасы:
-Сөйлеп жатқанға өледі деп ойламадық. Балалары білмейді. Енді үлкені біледі 9 класттағы, ер баласы 6 класта. Інімізден сол айрылып қалдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!