Павлодарда екі бала тоққа түсіп, мерт болды
Футбол алаңында ойнап жүрген жеткіншектердің бірі жоғарыға өрмелеп, электр сымдарына қол тигізген.
Автор: Әйгерім Шакаманова
17.09.2018
Оқиға шаһарға қарасты Жаңаауыл елді мекеніндегі шағын футбол алаңында болды. Куәгерлердің айтуынша, қос оқушының бірі биіктігі 4 метр темір қоршаудың басына шығып, алаңды жарық қылу үшін орнатылған бағананың тоқ өткізгіш сымдарына тиіскен. Сол сәтте тоқ соғып, мұрттай ұшады. Электр қуаты төменде торды ұстап тұрған екінші баланы да ұрған. Жоғары кернеулі электр соққысынан 12 және 14 жастағы жеткіншектер сол жерде жан тапсырды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Дәрігерлер жеткіншектерді құтқару мүмкін болмады деп отыр.
Нариман Шахмарданов, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
-Жедел жәрдем 8 минутта оқиға орнына жеткен. Ол жерде 2004 және 2006 жылғы жеткіншектер тоқ ұрғаны анықталды. Өкінішке қарай, мамандар ештеңе істей алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!