{metadescription}
Головкин туралы жалған мәлімет таратқан жігіт кешірім сұрады
Головкин туралы жалған мәлімет таратқан жігіт кешірім сұрады

Головкин туралы жалған мәлімет таратқан жігіт кешірім сұрады

Геннадий Головкиннің белбеулері кері қайтарыла ма?! Әлеуметтік желіде Сауль Альварестің екінші мәрте допингпен ұсталуына байланысты соңғы жекпе-жектің есептелмейтіні туралы ақпарат желдей есіп кетті. Осылай деп жұрттан сүйінші сұрағандар бокс федерациясына сілтеме жасаған.

   «Канелоның» қанынан допинг табылды» деген мәлімет желіде лезде тарап кетті. Содан кейін Генаның жеңілісіне әлі де сене алмай жүрген жанкүйерлердің төбесі көкке жетіп, бір-бірін құттықтап пікірлер қалдырған. Десе де, бокс федерациясындағылар көпшіліктің қуанышын су сепкендей басты. «Федерация ондай мәлімет таратқан жоқ» деп, желідегі әңгімені жоққа шығарды.

Бұдан бөлек, Головкинге 3 миллион теңге тіккен азамат өз-өзін өртеп жіберді деген мәлімет те өтірік боп шықты. Көшедегі өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұрттың жағасын ұстатқан еді. Сөйтсе, 28 жастағы астаналық осылай әзілдемек болыпты. Бірақ артынша кешірім сұрап полицияға барған. Десе де, қалжыңбас жігіт жауапкершіліктен құтыла алмайды.

-Сол видеоны мен түсірген болатынмын. Негізі, оның бәрі жалған. Олай болмаған. Ол жерде ешқандай адам өлімі де болмаған. Мен қалжың ретінде түсінрдім оны, группаға кластастарға жібере салғам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде