{metadescription}
Қазақстанда жыл сайын жаңадан 50 мың адам мүгедек атанады
Қазақстанда жыл сайын жаңадан 50 мың адам мүгедек атанады

Қазақстанда жыл сайын жаңадан 50 мың адам мүгедек атанады

Олардың басым бөлігі көбіне қан айналымы жүйесінің бұзылуы, жүйке жүйесінің аурулары және қатерлі ісік сынды қауіпті ауруларға тап болады екен.

Сонымен бірге, балалар арасында дамудың туа біткен кемістігі де азаймай тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жаңадан мүгедек атанғандардың үштен бірін осы балалар құрайды. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық мәселелері өз алдына бөлек әңгіме. Қоғамдық көліктерде, пойыздар мен ұшақтарда мініп-түсудің қиындығы, керекті медициналық жабдықтарды алып жүруі, мүгедектерге арналған жеделсатылар сынды қажетті қызмет түрлерінің болмауы әлі күнге дейін жиі айтылып жүр. Одан бөлек, мүгедектердің жұмысқа орналасуы да қиын. Ол үшін биылдан бастап жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа алып жатса, оның шығынын мемлекет субсидиялайтын болған. Бірақ бастама ол сәтсіз жүзеге асып жатыр дейді министр.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Ағымдағы жылы осы мақсаттарға арнайы 770 жұмыс орындарын құру үшін республикалық бюджеттен 105 миллион теңге бөлінді.  Қазіргі уақытта осы соманың 18,7 миллион теңге сомасы қолданылды. Тек қана 72 жұмыс орны дергілікті атқарушы органдармен құрылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде