{metadescription}
Сұлтанов Астананың шетін жарқыратамын деп уәде етті
Сұлтанов Астананың шетін жарқыратамын деп уәде етті

Сұлтанов Астананың шетін жарқыратамын деп уәде етті

Сол жағалауды жарқырата бермей, Астананың алқам-салқамы шыққан шеткері көшелерін де 5 жылда адам танымастай етемін. Бүгін ауқымды жоспарымен бөліскен бас қаланың су жаңа әкімі осылай деді. Қызметтік көлігінен түсіп таксиге отырған Бақыт Сұлтанов Елорданы қалай өзгертеді?

Бұрын кабинетте отырып, миллиардтарды санап үйренген Бақыт Сұлтановтың әкім болғалы жұмысы арта түскен. Ол қазір құрылыс алаңдарын аралап, шаһардың  тыныс-тіршілігімен жіті  танысып жүр. Тіпті, аз уақыт ішінде бас қаланың даму жоспарын түгендеп, бүгін Үкіметке алып келді. Мақтауы асырылған құжатқа сай, Елорданың күрмеуі көп мәселесі алдағы 5 жылда толық шешілуі тиіс.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-Соның ішінде сумен қамту, электр басқа да инфрақұрылым, тұрғындардың жағдайын жақсарту осының барлығы осы жоспарда бар. 1,5 трлн-ға жақын қаржы бөлінеді мемлекет тарапынан. Және мемлекеттік серіктестік аясындан қаражат тартылатын болады.

Әкімнің есебіне сенсек, 2030-ға қарай, астаналықтардың саны 2 млн-ға жетеді екен. Сол үшін Сұлтанов Есілдің сол жағалауын жарқырата бермей, қаланың шет жағына да көңіл бөлемін деп сендіріп отыр. Тұрғындар да соны талап етеді.

АСХАТ ТӨЛЕГЕН, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Кішкене тәртіп болса  тұрғындарға жақсы болар еді. Міне саяжай  тұр. Сүріледі делінген. Әлі тұр  .  Сол емес, оң жағалауға да көбірек көңіл бөлінсе жақсы болар еді.

Елордалықтардың бұлай айтар жөні бар. Өйткені қаланың кез-келген шетіне барсаң тоз-тозы шығып жатыр.

–Мәселен, бұл бас қалаға кіретін қақпалардың бірі "Нұрлы жол" вокзалы. Айналасы мынадай қоқысқа толы. Әрі шаң басқан жолдар мен алқам-салқамы шыққан саяжайлар Елорданың көркін қашырып тұр. Бірақ, шенеуніктер ұсқынсыз көріністі  мынадай биік қоршаумен жасырып қойыпты.

Сондай-ақ, Сұлтанов Астананы жаңбыр суынан құтқарамын деп білек сыбанып отыр. Өйткені жауын жауса, бас қаланың көлге айналатыны белгілі. Сондықтан, әкімнің креслосына отырған күні-ақ  Сұлтановты әжуалайтын мынадай түрлі суреттер қаптап кетті. Бірақ мұны жәй әзіл деп түсінетінін айтқан ол арықтардың құрылысын  жеделдетпек. Іске білек сыбана кіріскен Сұлтанов тіпті қаланы жаяу аралап шығыпты.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ал күндіз жұмыстармен жүргенде, Үкіметке келгенде таксиге мінемін. Өйткені, бұрынғы әкімдік қабылдаған прогрессивті идеяларды тоқтатуға болмайды. Сондықтан осындай идеяларды керісінше дамытып, аяғына дейін жеткізу менің міндеттерімнің бірі деп есептеймін.

Бірақ экс-әкімнің ісін жалғастырамын дегенімен, Исекешев секілді әлеуметтік желіде тұрғындардың шағымына жауап бере алмайтынын айтты Сұлтанов. Бірақ барынша ашық болуға тырысамын деп уәде берді. Сондай-ақ, ол министрден гөрі, әкімнің қызметі қызығырақ екенін айтып қалды. Өйткені, ол  саяси карьерасында мұндай лауазымға алғаш рет тағайындалып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде