{metadescription}
Жаңа қаржы министрі Смайыловтың алдында қандай міндеттер тұр?
Жаңа қаржы министрі Смайыловтың алдында қандай міндеттер тұр?

Жаңа қаржы министрі Смайыловтың алдында қандай міндеттер тұр?

Біраз үзілістен кейін елімізде бюджеттің миллиардтарына  жауап беретін адам енді табылды. Бүгін Президенттің көмекшісі Қаржы министрі болып тағайындалды. Премьер-министр ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын  мәжіліс мақұлдап берді.  Елбасының жарлығы да шықты.

-Астанада Қаржы министрінің тағайындалуы неге ұзаққа созылып кетті?

Иә, бұл орынтаққа кімді қоярын Ақордадағылар біразға дейін ойланғанға ұқсайды. Сөйтіп, іздегені алыстан емес, өз араларынан табылды.  Ал  мамандығы бойынша математик  су жаңа министр Әлихан  Смайылов бұрын Статистика агенттігін басқарған, Қаржы вице-министрі болған. Яғни қаржы саласында  мол тәжірибесі бар. Ал соңғы үш жылда Смайылов Президенттің қаржы- экономика жөніндегі көмекшісі болды.

Сонымен, еліміз бір аптаны Қаржы министрінсіз өткізді.  Бұл аралықта  теңге бір құлдырап, бір нығая түсті. Одан қалды бюджет, салық жүйесі, мемлекеттік тендерлерге қатысты жиналып қалған мәселелер аз емес.  Сондықтан мәжілісмендер жабық есік жағдайында  су жаңа министрдің кандидатурасын мақұлдамас бұрын, Смайыловтың  жоспарын сұрап, алдын ала  сынақтан өткізіпті.

Сергей Симонов,  Мәжіліс депутаты:

-   Қаржы министрі ретінде қай саланы реттейтінін сұрадық. Ол бюджет табысын арттыратынын, әкімшлік жұмыстарды жақсартатынын, мемлекеттік кірістер саласындағы жемқорлықпен күресетінін айтты. Депутаттар Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Яғни, Смайылов депутаттарға бірінші  бюджеттің шығынын қысқартып, салық арқылы табысын арттырамын деген. Және қазына қаржысы жұмсалған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын жіті бақылауға кіріспек.  Жалпы, қазына қаржысына жауапты Смайыловтың алдында аз міндет тұрған жоқ. Біздің министрлер  мен әкімдердің  дәстүрлі әдеті бар: жылда бюджеттен бөлінген миллиардтар игерілмей қалады. Осындай қолда  бар ақшаны ұқсата алмай жүргендермен де күресуге  тура келеді.

Бес жыл қазына қаржысын басқарған  Бақыт Сұлтанов  Смайыловқа  ең алдымен сабырлы, ұстамды  болуға  кеңес берді.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

-Қаржы министрі үнемі салмақты әрі ақылды болуы керек. Және де қазынаға мығым болуы тиіс.   Еліміздегі  қаржы саласының дамуына бар күшін салуы керек.

Ал 46 жастағы Қаржы министрін премьер Бақытжан Сағынтаевтың  өзі  ұжымға таныстырды. Бүгін ресми түрде жұмысқа кіріскен Әлихан Смайылов ең алдымен депутаттардың алдында  үш жылдық бюджетті қорғап, бекіттіруі тиіс. Содан кейін ғана жеке жоспарын жүзеге асыруға кіріседі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.