Тұңғыш президент қоры мен Жапония өзара меморандумға қол қойды
Көптен күткен келісім! Бүгін Тұңғыш президент қоры мен Жапонияның Гои қоры арасында маңызды меморандумға қол қойылды.
Автор: Досжан Маратұлы
19.09.2018
Құжатқа сай енді Астана мен Токио арасындағы байланыс нығая түспек. Әсіресе, бұл білім, ғылым және мәдениет салаларына қатысты.
Назарбаев орталығын аралап жүрген Жапонияның атақты Гои қорының президенті. Хироо Сайонджидің Астанаға келуі бекер емес. Түрлі саладағы маңызды шаруаларды бұдан былай Тұңғыш президент қорымен бірлесіп жүзеге асырмақ. Маңызды келісімге бүгін қол қойылды.
Меморандум, Астана мен Токио арасындағы қарым-қатынасты арттыра түспек. Қос қор, әсіресе, дарынды жастарды қолдап, білім саласын дамытпақ ниетте.
ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
-Білім саласы, тарих саласы, ғылым саласы бар мұнда. Жастардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, бірнеше жобалар арқылы. Әрі Жапония елімен арадағы достықты одан әрі жақсарту деген әңгіме. Елбасы қоры осындай жұмыстарды атқарамыз деп тырысып жатырмыз.
Бұдан соң, Тұңғыш президент қоры Күншығыс елінен келген меймандарға, достықтың нышаны ретінде «Алтын адамның» көшірмесін сыйға тартты. Ал жапондар Қазақстанның ядролық қаруға қарсы еңбегін жоғары бағалап, бейбітшілік жолында бірігуге шақырды.
ХИРОО САЙОНДЖИ, ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Қазақстан мен Жапония түрлі ядролық жарылыстарды бастан кешірген елдер. Сондықтан бомбылаудың қандай қасірет әкелетінін бізден артық ешкім түсіне қоймас. Енді әлемде тыныштық орнату үшін қос мемлекет барын салуы тиіс. Қол қойылған келісімнің арқасында бұл шаруаны да іске асырамыз деп сенемін.
Бұдан соң, мәртебелі қонақтар Елордадағы «Бейбітшілік қабырғасы» монументі мен Ұлттық музейді аралады. Ал ертең Тұңғыш президент қоры жапониялық делегаттармен бірігіп, ядролық қаруға қарсы ауқымды конференция өткізбекші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!