Адамдардың жеке мәліметі хакерлердің қолына өтіп кеткен
Күн сайын мыңдаған қазақстандықтың жеке мәліметтері шетелдік хакерлердің қолына тиіп жатыр. Олар әркімнің өзіне ғана тиесілі деректер базасын жинап алып, оны жабық алаңдарда саудаға шығарады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай деректер келтіріп отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.09.2018
Қазақстандықтардың интернет қауіпсіздігімен комитеттің Мемлекеттік техникалық қызметі айналысады. Олардың айтуынша, соңғы бес жылда еліміздің киберқауіпсіздігіне жасалатын шабуылдар 300 есеге өскен. Сондықтан хакерлердің әрекетін бақылап отыратын кибер-орталық жұмыс істейді. Айталық, қандай да бір мәліметтерді жиып жатқан бағдарламалар анықталса, оны дереу бұғаттап тастайды. Негізі, мемлекеттік органдардың сайттары мен пошталарын бұзып кіру өте қиын дейді мамандар. Ал шенеуніктер желілерге арнайы серверлер арқылы шығады. Ол жерде ғаламтор қарақшыларымен күресу тіпті қиын екен. Мысалы, өткен жылы бір қауіпті вирус төрт бірдей кәсіпорынның жұмысын тоқтатқан. Тек техникалық қызметтің көмегімен ғана жағдай дұрысталыпты. Ал оның бәрін жасайтындар негізінен сонау АҚШ, Канада, Нидерланды, Германия, Франция мен Ресейде отырады екен.
Ержан Біржанов, ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызметі» РМК директоры:
-Мыңдаған ботнеттер, шабуылдар, сайттарды бұзу күнде жүріп жатады. Ал ондай шабуылдарды жеке тұлғалар емес, ұйымдасқан топтар жасайтын болған. Олардың мақсаты, жеке мәліметтерді алып, ақылы сайттарда саудаға шығарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!