Назарбаев бюджет ақшасын сұғанақтардан қорғауды талап етті
Сұғанақтардан сақ бол! Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің төрайымына қазына қаржысын ұры-қарыдан қорғап жүруді тапсырды.
Автор: Жәудір Оразхан
19.09.2018
Президент Ақордаға бюджет ақшасының мақсатты игерілуін қадағалайтын Наталья Годунованы шақырып, есеп алды. Есеп комитеті жыл сайын министрлік, әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік мекемелерде аудит жүргізіп, бөлінген қаржыны кім қалай жұмсағанын бақылайды. Және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын тексереді. Годунованың айтуынша, комитет тексерудің тың әдісіне көшіпті. Аудиторлар қазір қаржылық заңбұзушылақтарды дәлелдеп қана қоймай, миллиардтардың тиімді игерілмеуіне не себеп болғанын да анықтайды. Президент Есеп комитеті басшысын тыңдап болған соң, Годуноваға бірқатар тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Есеп комитеті – мемлекет қаржысының орынды игерілуін және бюджеттің атқарылуын бақылайтын және баға беретін тәуелсіз орган. Қаражат тек көзделген мақсатқа бөлінуі тиіс. Ұрланбасын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!