Қытайларға қарсы шыққан көкпаршылар жайлы кино көрермендерді елең еткізді
Голливуд туындысынан аспаса, кем түспейтін кино! Ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында нағыз ер жігіттер туралы фильм көрсетіле бастайды. «Көкпар. Мықтылар уақыты» атты туынды кәсіби көкпаршыларға қарсы ойнауы тиіс қарапайым ауыл жігіттері жайында. Оларды бұған итермелеген зиянды зауыт салғысы келген қытайлық компания.
Автор: Аруна Ортай
19.09.2018
Көкпар енді кинода! Фильм ұлттық спорт десе делебесі қозатын көрермендерді ғана емес, түбі ауылдан шыққан кез-келген қазақты бей-жай қалдырмайды. Кино желісі бойынша қытайлық компания қорық тұрған жерге зауыт салдырмақ болады. Ал олармен соттасып, ауылға төнген қауіптің алдын алу үшін тұрғындарға қыруар қаржы қажет.
-Қайтадан көкпар командасын жинап, біріншілік кубогына шықпаймыз ба? Онда деген бас бәйгеге үлкен ақша қойылады емес пе?
Жаңағы сот-пот, адвокат-садвокатыңа дейін жетеді!
Бірақ, көкпар кубогіне қатысу қарапайым ауыл жігіттеріне оңайға соқпайды. Өйткені олардың қарсыластары тақымы мықты нағыз кәсіпқой ойыншылар. Одан қалды, тоғышар шенеуніктер ойынға араласып, әдеттегі әрекеттеріне басады. Кино қазақ-қырғыздың біріккен туындысы! Актерлер ғана емес, аттар да екі елден іріктеліп алынған. Ал қауіпті трюктерді нағыз көкпаршылар орындаған.
Руслан Акун, режиссер :
-Нағыз жігіттер жөнінде. Солардың өмірін көрсетіп, суреттеу мақсатында тарттық. Басты рөлді Асылхан Төлепов ойнады Қазақстаннан, Қырғызстаннан Эмиль Эсеналиев деген актер. Негізі шығармашылық топ Қазақстаннан болды, Қырғызстаннан болды. Бұл осы бірге тарту еткен, екі ел ортасынан бірге тарту етілген кино.
Басқа актерлер фильмде қырғызша, орысша сөйлесе, Асылхан рөлін бастан-аяқ қазақша сомдап шығыпты.
Асылхан Төлепов, актер:
-Жалпы түсірілім барысы қызық болды. Неше түрлі жарақат та алдық. Мені арнайы дайындаған бұл фильмге кәсіби тұрғыда көкпарды ойнатып. Енді баяғыдан мен атта шабатын адаммын ғой, бірақ үлкен жарыстарға көкпарға шығып көрмегенбіз.
Ал түсірілім тұмса табиғаттың ортасы - Шолпан Атада өткен. Көкпар туралы тұңғыш кино ертеңнен бастап барлық кинотератрларда тамашалауға болады.
Ендеше экстримге толы фильмнен сіз де құр қалмаңыз. Туынды қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!