{metadescription}
Семейде тасқынға байланысты шатылған шенеунік  ақталып шықты
Семейде тасқынға байланысты шатылған шенеунік  ақталып шықты

Семейде тасқынға байланысты шатылған шенеунік ақталып шықты

Семейде көктемгі тасқында ықшамаудандарды бірінен кейін бірін су алып кетуіне ешкім кінәлі емес. Жауапқа тартылған Ертіс бассейндік инспекциясы Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Семей өңірі бойынша басшысы Мұрат Мұздыбаевқа қатысты сот осындай шешім шығарған.

Осылайша, «Қазақстан су жолдары» мекемесі мен жергілікті тұрғындардың Мұрат Мұздыбаевтың үстінен жазған арызын сот қанағаттандырмады. Белгілі болғанындай, күннің күрт жылынуы салдарынан Ертістің суы екі есе көбейіп кетіпті. Ал бұл мезетте қатқан мұз дер кезінде еріп үлгермеген. Бұған адами фактор кінәлі емес дейді сот. Айта кетейік, 28 наурыз күні Семейде Ертіс өзені тасып Мирный, Бобровка, Затон елді мекендері мен Түйемойнақ аралын су басқан болатын. Салдарынан 450 үй мен 300 саяжайды су басып қалған.

Жанар Ысқақбаева, судья:

-Әкімдік аппаратына да көп шығын келген. Сондай-ақ, «Қазақстан су жолдары» 6 млрд. теңгеден артық шығынға батты. Өйткені Мирный кентіндегі үйлер мен жолдарды түгелдей сел аралас тасқын шайып өткен болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде