Біртанов әріптестерін сабырға шақырды
Алматыда тентек жүргізушіден таяқ жеген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты Денсаулық сақтау министрі түсініктеме берді. Елжан Біртанов мұндай жағдайда жанжалды ұлғайтпай, әріптестерін сабырлы болуға шақырды.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.09.2018
Мына бұзақылық кеше ғана Алматыда болған еді. Көшенің қақ ортасында тұрып алған ашулы жүргізуші жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген. 13 жылдан бері жедел жәрдем көлігін тізгіндеп келе жатқан Николай Кучма мұндай сорақылыққа өмірінде бірінші рет тап болыпты. Сотқардың соққыларынан қабағы жарылып, мойны жарақаттанған. Ал бүлікті бастаған 28 жастағы Түркия азаматы екен. Оған қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Шетел азаматына ірі айыппұл салынып немесе 2 жылға түрмеге жабылуы мүмкін.
Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:
-Жүргізушілеріміз көлікті экстремалды жүргізуді халықаралық жаттықтырушылардан үйреніп, арнайы сабақ алады. Сондықтан мен өз әріптестерімді, жедел жәрдем қызметкерлерін сабырлы болуға шақырып, қақтығысқа бармай, тек өз жұмысын істеу керектігін айтқым келеді. Ал біз оларды қорғау үшін бар күшімізді саламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!