{metadescription}
Астана банкінің салымшылары ақшасын  қашан алады?
Астана банкінің салымшылары ақшасын  қашан алады?

Астана банкінің салымшылары ақшасын қашан алады?

Астана банкінің ақыры. Қазақстанда тағы бір қаржы мекемесі лицензиясынан айырылды. Ұлттық банк Астана банкінің ақшалай операциялардың барлық түрін жүргізу құқығынан айыру шешімін бүгін қабылдады. Біраздан бері осы банкке салған ақшаларын там-тұмдап алып келген жұртшылық ендігі жағдай не болар екен деп алаңдаулы.

Астана банкінің кеңсесі қыстаққа көшіп  жатқан ауылдай.  Кезегімен кешке дейін сарылтатын кассалар жабық. Шәй-пәйімен-ақ клиенттерден табыс тауып отырған шағын асхананың жұмысшылары ыдыс-аяғын алып тайып тұрған. Банк қызметкерлерінің өзі не істерін білмей кеңсе ішінде босқа  сандалып жүргендей.  Басынан дәурені тайған банктен енді құйған ақшасын қалай алам деген салымшылардың салы суға кеткен.

Дана Досыбекова, салымшы:

-7-8  ай болды әуремін. Елемейді, ақырған кезде қан қысымым көтеріліп кетеді. Халықты алдағаннан пайдасы жоқ қой. Жұмыс істеу керек қой. Сонша адамды ит әуре қылып қойды.

Салымшылардың сеніміне селкеу түсірген банк басшылығы жеме-жемге келгенде жиналған жұртқа шықпай, бұғып қалды. Ендігі жағдай Ұлттық банктің бақылауында деп бар жауапкершіліктен бастарын ала қашып жатыр.

Ұлттық банктің бүгін қабылдаған шешімі  бойынша Астана банкі барлық қаржылық операциялар жүргізуге арналған лицензиясынан айырылды.

- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 -бабында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде, пруденциялық нормативтерді және капиталдандыру жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Банкке 2015 жылғы 20 сәуірде берген лицензиядан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылдады.

ҚР Ұлттық банкі Мәжіліс депутаттары да қазына қаржысына телмірген, пайдасы жоқ «арамтамақ» банктердің қарасы қысқарғанын құптайды. Жалпы елдегі банк жүйесін бақылайтын тәуелсіз агенттік құрылу керек деген пікірде.

Азат Перуашев,  Мәжіліс депутаты:

-Қазіргі кезде олар мемлекеттен ақша алып, сол ақшаны бизнеске бермеді. Сол ақшаға мемлекеттік құнды қағазын алып, сол ақшаға қарап отыр.

Астана банкі соңғы жарты жылдан бері салымшылардың ақшасын беру сомасын шектеп сандалтып, шаршатқан еді. Уәдеден қажығандары банк бөлімшелеріне басып кіріп те жатты. Енді алғыстан гөрі қарғысты көп естіген банк өз ақырына жетті.

-Бар-жоғы он жыл ғана қызмет еткен Астана банкі лапылдап жанғанмен, жалп етіп тез өшетін қамыстың күйін кешкендей. Жалпы өткенді аңдасақ, басына қара бұлт үйірілген банктер жетерлік.  Бәсеке кезеңінде бірі нарықтан кетсе, екіншілері басқа банктерге қосылып, жағаға щығып қалмас үшін хал-қадірінше қарманып  жатыр. Ұлттық банк төрағасының бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды. Оған Банктің барлық басқару өкілеттігі өтті. Салымшылардың мәселесін енді солар бір жақты етуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде