Құрманғазының күйлерін орындап рекорд орнатты
Оралда мың жарым адам бір мезетте Құрманғазының күйлерін орындап рекорд орнатты. Бұл шара ұлы күйшінің туғанына 200 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.09.2018
Қолына домбыра ұстаған оралдықтар Тұңғыш президент алаңына жиналды. Алдымен күй тартуға ниет еткен 1700 тұрғыннан өтініш қабылдаған. Олардың ішінен дайындыққа тұрақты келіп жүрген мың жарым адамды іріктеп алады. Олар бір мезетте Құрманғазының «Адайы» мен «Балбырауынды» орындап, еліміздегі рекордты жаңартты. Төрт жыл бұрын Атырауда Құрманғазының күйін орындауға 1017 адам жиналған еді. Енді оралдықтар олардан асып түсіп отыр.
Ғабидулла Оспанқұлов, БҚО әкімінің орынбасары:
-Бір сәтте алаңға шығып, бір күйді орындау қазақтың рухын көтеріп, әр қазақтың намысын көтертіп, әр қазақтың отансүйгіштігін өсіретін шара деп есептейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!