{metadescription}
Ақтөбеде оқушыларды өкіметтің мектебінен қумақ болған шенеуніктер жазаланбақ
Ақтөбеде оқушыларды өкіметтің мектебінен қумақ болған шенеуніктер жазаланбақ

Ақтөбеде оқушыларды өкіметтің мектебінен қумақ болған шенеуніктер жазаланбақ

Тендер ұтып алған жекеменшік мектептер толмаған соң, әкімдіктегілер ата-аналарды қыспаққа алып, мемлекеттік емес білім ошағына беруге үгіттеген. Енді прокурорлар заңды белден басқан білім саласына жауапты сол бастықтарды тезге саламыз деп отыр.

Шу шыққан мектептердің директорлары да жазадан құтылмайды. Өйткені, «Батыс-2» ықшам ауданындағы қос білім ошағында ата-аналардан бастауышта оқитын балаларының құжаттарын дереу алып кетуді талап еткен. Сондай-ақ, 800 баланы оқытуға тендер ұтқан жеке мектепке ауыстыруға  үгіттеп, күн сайын жиналыс ұйымдастырған. Бұған ашынған тұрғындар шу шығарды. Ақыры прокуратура араласып, оқушы мен ата-ана құқығының бұзылғанын анықтап отыр. Өйткені, баланың оқитын мектебін өздері таңдау құқына ешкім қол сұға алмайды.

Жасұлан Дәулембаев, Ақтөбе облыстық прокуратурасы аппаратының жетекшісі:

-Азаматтардың білім беру мекемелерін еркін таңдау құқықтары қарастырылған. Осыған байланысты оқушылардың құқығын қорғау мақсатында прокуратура Ақтөбе қаласы әкіміне ұсыныс жолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.