{metadescription}
Үзілген сым он шақты көлік иесін шығынға батырды
Үзілген сым он шақты көлік иесін шығынға батырды

Үзілген сым он шақты көлік иесін шығынға батырды

Алматыда троллейбустың сымы үзіліп,  сала-құлаш кабельдері өртене бастады. Жалынға оранған сым сол маңда өтіп бара жатқан көліктердің үстіне тиіп, он шақты машинаға зақым келген. 

Оқиға таңғы сағат cегіз, яғни нағыз кептеліс уақытында Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Троллейбустың сымы көліктердің үстіне түсіп, қысқа тұйықталудан  от тұтанған. Салдарынан машиналардың сырты бүлінген. Ал үзілген сымның ұзындығы 500 метрге жуық. Жүргізушілер дер кезінде көліктерінен шығып, төтеншеліктерді шақырыпты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал оқыс оқиғаға автопарк басшылығы  қаламызда троллейбус сымдарының ескіргенін айтып оларды келесі жылы жаңартамыз деп сендірді. Сондай-ақ бүлінген көліктердің шығынын сақтандыру компаниялары немесе автопарк өтеп беретінін алға тартты.

Виталий Бескаравайный, Алматы қаласының тұрғыны:

-Таңғы сағат тоғыз шамасында жұмыстан үйге бара жатқанымда, троллейбустың сымы өзінен-өзі көлігімнің үстіне құлады. От тұтанып, машинам түтінге орана бастады. Жанып кететін шығармын деп ойладым. Менікіндей он шақты көліктің сырты бүлінді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде