{metadescription}
Шымкенттік кәсіпкерлер нан бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді
Шымкенттік кәсіпкерлер нан бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді

Шымкенттік кәсіпкерлер нан бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді

Шымкентте нан қымбаттады. Бірден 10 теңгеге көтерілген ас атасы енді арзандамайды дейді шенеуніктер. Бұған жанар-жағар май мен су, газ бен жарық үшін тарифтердің көтерілуімен қоса, ұнға бөлінетін субсидияның жоқтығы себеп. Ал, қымбатшылықтан қажыған жұрт бұл жаңалықты жығылған үстіне жұдырыққа балайды.

Шымкентте нан бағасы бірден 10 теңгеге өсіп шыға келді. Бұрын 50 теңге болған бөлке нан енді 60 теңгеден сатылуда. Нанның қымбаттауы өзге де ұн өнімдеріне әсерін тигізіпті. Кондитерлік тәттілерден бастап, қарапайым самса мен бәліштердің құны да едәуір өсіп шыға келген.

Мүбәрәк Қазақбаева, сатушы;

Пряник, бөлке бәрі көтерілді.  Келісіне 20 теңгеден, көтерілді. Қазақстанда шықса да , нан көтерілді, ұн көтерілді. Жұрт наразы.
Ал, кейбір пысықтар онсызда 10 теңгеге қымбаттаған нанның үстіне тағы 5 теңге қойып оңай пайда тауып та жатыр екен. Қымбатшылықтан қажыған елдің енді дегбірі қашып жатыр.

Ардақ Жақсылықова, Шымкент қаласының тұрғыны:

 -Мысалы бүгін 65 теңгеден алып тұрмыз. Бұрын бұл лепешкалар 50 теңгеден сатылатын еді. Күннен күнге баға шарықтап бара жатыр. Білмеймін енді, айлығымыз болса бір орында тұр. Ал, айлық көтермей жатып, қара нанның өзін сатып алу қиынға түскенде өмір сүру қандай болатынын айта алмаймын.

Ал, наубайлар нанды қымбаттатуға мәжбүр екенін айтады. Баға өспеген 2 жыл ішінде су, газбен жарықтан бастап, жанар-жағар майдың құны да едәуір көтерілген. Соңғы айларда ұн мен өсімдік майы өскен соң өзіміз титықтап, амалсыз баға саясатын өзгертуді ұйғардық деп отыр.

Әбдімәлік Көмекбаев, «Нан қауымдастығы» ҚБ төрағасы:

 -Ұнның бағасы 3500 болғанша шыдадық. Ал, енді одан көтеріліп, ұнның бағасы 3900 теңге, ал кәсіпкерге келгенше транспорты бар әртүрлі шығыны бар 4 мың теңгеге түсіп тұр. Енді біздің есебімізге тура келмейді.  Цехтан 45 теңге боп тұр сатылуы. Кәсіпкерге дүкенге жеткізіп беруі бағасы 55 теңге боп тұр. Дүкенші 5 теңге қойып, 60 теңгеден сатуы керек.

Екі жыл бұрын субсидия тоқтап, нан бағасы еркіне жіберілген болатын. Әкімдіктегілер енді ешқандай субсидия болмайды деп отыр. Яғни, ас атасының бағасы тағы көтерілуі де ғажап емес. Әзірге биліктің бар қолынан келері әлеуметтік бөлке нан бағасын 60 теңгеден қымбаттатқандарды жазалау ғана болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.