Астанада әйелінің өлі денесін көшеге тастап кеткен азамат қамауға алынды
Астанада атышулы «Шанхай» базарының маңынан табылған әйелдің мәйітіне қатысты жаңа дерек шықты. Сөмкеге салынған 26 жастағы келіншектің өлі денесін оның азаматтық некедегі күйеуі тастап кетіпті.
Автор: Досжан Маратұлы
20.09.2018
- Кешкісін осы жерден тауып алдық, адамды. Сөмкені кәуап пісіретін жігіт ашып көрген еді. Өлі адам деп қаша жөнелді. Кейін полиция шақырдық. Сөмкені солар алып кетті.
Мәйіт базардағы мына кәуап пісіретін кафенің алдынан бірнеше күн бұрын табылған еді. Полицейлердің айтуынша, ала сөмкенің ішінен шыққан марқұм әйел Өзбекстан азаматы болған. Ол 30 жастағы күйеуімен бірге Астанадағы жатақханалардың бірінде тұрыпты. Ал, оның өліміне сырқаты себеп болған. 26 жастағы келіншектің туберкулезден көз жұмғанын сараптама қорытындысы да растады. Бірақ азаматтық күйеуі әйелін жерлеудің орнына базарға апарып тастап, өзі із суытыпты. Түркістан облысында ұсталған азамат бұл әрекеті үшін енді жауапқа тартылмақ. Айта кетейік, азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың екі жасар ұлдары бар. Қазір ол оңалту орталығында жатыр.
Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
- Үйінде байқап қалған өлгенін. Сөйтіп, абдырап, сасып қалғанын айтадыӘрі материалдық жағынан тапшылық болғанын айтады. Сосын мәйітті сөмкеге салып, үйден алып шығып, басқа жерге апарып тастауды шешеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!