«Астана банкінен» несие алған адамдардың тағдыры не болмақ?
Жиған-тергенін «Астана банкінде» сақтаған азаматтар қаржаттарын қайтарып алу үшін кемі жарты жыл керек. Мұндай мәлімдемені экономистер жасап отыр. Өйткені, жабылып тынған банк басқа бір мекеменің меншігіне өткенше осыншама қажет. Ал «банк жабылды екен» деп несиені төлемей қоймауға да болмайды. Сарапшылар, әсіресе, осы мәселеде сақ болуға кеңес берді.
Автор: Аруна Ортай
20.09.2018
Айдар Әлібаев, сарапшы :
- Қарыз алған соң, қайтару керек! «Астана банкінен» несие алған, бірақ әлі жауып үлгермеген азаматтарға міндетті түрде банктің басшылығына барып, мән-жайды анықтап алуға кеңес берер едім.
Яғни, банк лицензиясынан айрылғанымен, «Астана банкінің» мүлігіне ие болған мекеме ерте ме, кеш пе активтері мен несие порфельдерін түгендейтін көрінеді. Тіпті, банк картасынан да құтылуға асықпаңыз. Ол да банк мүлігі болған соң, кері қайтару қажет. Ал салымшылардың ақшасы болса қашан төленіп бітері белгісіз. Ондағы жеке тұлғалардың депозиттерінде 41,2 млрд теңге сақтаулы. Сонымен қатар, бүгін Ұлттық банк Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының алдында міндеттемелері жоқ екенін жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!