Қазақстан тұңғыш рет Eurovision байқауына қатысады
Балалар арасындағы Eurovision-2018 халықаралық байқауына Қазақстан тұңғыш рет өз үміткерін үкілеп қоспақ. Ән додасына жолдама алатын өнерпаз ертең гала-концертте анықталады.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
21.09.2018
Байқаудың ақтық сынына жолдама алған 10 үміткер Алматы қаласына жиналған. 200-ге жуық жеткіншектің арасынан үздік шыққандар гала-концерттке қызу дайындалып жатыр. Жас өнерпаздар қазақстандық композиторлардың жазған әндерін шырқайды. Ал, Беларусь астанасындағы байқауға аттанатын жас дарынды көрермен мен қазылар алқасының дауыс беруінен кейін анықталмақ. Әділқазылар құрамында Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Тамара Асар сынды өнер майталмандары бар. Гала-концертті Хабар арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!