Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы басталды
Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы басталды. «Байқоңыр шорт фильм фестиваль» деп аталатын шараға тек деректі және анимациялық туындылар қатысқан.
Автор: Әсем Лесбек
21.09.2018
Ал іріктеуден көпшілікке әлі танылып үлгермеген жас режиссерлердің жұмыстары өтіпті. Ұйымдастырушылар 27 картинаны көркем фильм, анимациялық 11 туынды, 9 деректі фильм деп үш санатқа бөлген. Қатысушылар арасынан «Үздік режиссер», «Үздік таспагер», «Үздік сценарий» деген аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталмақ.
Байқау шымылдығы Канн фестиваліне қатысқан Жаннат Алшановтың «Маусым соңы» фильмімен ашылды. Аталмыш шараға Тұңғыш Президент Елбасы қоры қолдау білдірген. Жас киногерлердің туындыларын Алматы мен Астанадағы кинотеатрларда 23-ші қыркүйекке дейін тегін көрсетіледі. Ал фильмдердің кестесін «Байқоңыр шорт фильм фестиваль» ресми сайтынан қараңыздар.
Ержан Жұмабеков, «Baikonyr Short Film Festival» бағдарлама директоры:
Алматыдағы Жүргенов өнер академиясы, Астанадағы Қазақ ұлттық университеті, Тұран университтеті, сонымен қатар Нью-Йорк фильм академиясындағы кинематография институында оқып жатқан біздің қазақ студенттері бар. Жеңімпаздарға өзіміздің арнайы дипломмен фестиваль мүсіндерін ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!