Медициналық стандарттарды орындамағаны үшін дәрігер жауапқа тартылмайды
Медициналық стандарттарды орындамағаны үшін дәрігер жауапқа тартылмайды. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңға осындай өзгеріс енгізілмек. Оны бүгін министр Елжан Біртанов Мәжілісте таныстырды.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.09.2018
Негізі дәрігерлердің қателігі деген арнайы статистика жүргізілмейді. Медицина мекелерінде қанша орынсыз жәйттардың болып жатқанын тек арыз-шағымдар бойынша ғана анықтауға болады. Бірақ соған қарамастан министр заңды гуманизациялап, ақ халаттылардан бірқатар жазаны алып тастауды көздейді.Мәселен, Біртановтың айтуынша, кей жағдайда дәрігерлер науқастардың жас ерекшелігі мен басқа да сырқаттарына байланысты негізгі стандарттардан амалсыз ауытқуы мүмкін. Осы күнге дейін оның бәрі дәрігердің кінәсі деп саналып келген. Ал шын мәнінде оның қандай да бір себебі болады дейді бас дәрігер. Әйтсе де өз міндетін дұрыс орындамағаны үшін қатал жауапкершіліктің сақталып қалатынын айтып отыр.
Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:
- Өз міндетін тиісті деңгейде орындамау мен стандарттарды орындамау деген екеуі екі түрлі нәрсе. Егер қызмет сапасында кемшілік болмаса, медициналық стандарттарды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартып керегі жоқ. Ол науқастың жағдайы үшін стандарттардан тайқуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!