{metadescription}
Ана мен бала өлімі үшін дәрігерлер жауап бере ме?
Ана мен бала өлімі үшін дәрігерлер жауап бере ме?

Ана мен бала өлімі үшін дәрігерлер жауап бере ме?

Атырауда  ана мен бала өлімі үшін дәрігерлер жауап беретін сыңайлы. Қатты ауырсынып тұрса да діни көзқарасына бола перзентханаға барудан бас тартқан  болатын.

25 жастағы жүкті келіншек Марта Баймұханова басының қатты ауырып тұрғандығын айтып жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ, оның  күйеуі әйелін еркек фельдшердің қарауына қарсы болып, үйге кіргізуден бас тартқан. Құрсағында 38-39 апталық шаранасы бар келіншектің өзі де дәрігерлерді жақындатқызбаған. Екінші рет шақыртылған жедел жәрдемдегілер оны шешесінің көмегімен перзентханаға баруға әупірімдеп көндірген. Бірақ жолда оның жағдайы қатты нашарлап, әйел облыстық перзентханаға жеткеннен кейін қайтыс болды. Қазір осы іске қатысты сот-медициналық сараптамасы жасалуда. Дәрігерлер   өздерінің теріс діни ағымдағылардың қарсылығына жиі тап болатынын айтып отыр.

Айқияш Шонаева, акушер- гинеколог:

- Олармен жұмыс жасау қиын. Өйткені жолдастары біздерге, мысалы, қабылдау бөлмесінде еркек кісі бар ма, қарап алады, көп жағдайда айтқанды істегісі келмейді. Сондай бір әйел біздің терапевт дәрігерімізді алдында тұрған шыны банкімен соғып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.