{metadescription}
Петропавл: екі әйелді қаққан жүргізуші Ресейге қашып кетті
Петропавл: екі әйелді қаққан жүргізуші Ресейге қашып кетті

Петропавл: екі әйелді қаққан жүргізуші Ресейге қашып кетті

Петропавлдық полицейлер жеткенше, екі әйелді қаққан жүргізуші Ресей асып қашып кетті. Сондықтан қалалық сот Илья Старухинді абақтыға қамау туралы сырттай шешім қабылдады.

Дәурен Қайратұлы , Арнайы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы:

Тәртіп сақшыларының талабы  бойынша күдіктіге қатысты  сырттай шешім шығарылды. Өйткені ол Қазақстан аумағында болмаған. Күдікті  сот отырыстарына дейін екі айға түрмеге қамалуы тиіс.  

Мына кадрда көлікте мас күйде отырған 26 жастағы күдікті Илья Старухиннің Петропавлда тұрақты жұмысы, үй-жайы, отбасы  бар екен. Бұрын істі болмапты. Қазір оған қатысты «жол апатын жасағаны» және «оқиға орнынан қашып кеткені» үшін  қылмыстық іс қозғалған.  Рөльге мас күйінде отырған жігіт жағдайын өзі ушықтырмағанда екі жыл бостандығын шектеу жазасымен құтылар ма еді. Енді оның түрмеге тоғытылары анық. Қашқынды көрші елдің тәртіп сақшылары да іздестіріп жатыр.  Ал оның «Лексусының» астында қалған қыздардың бірінің беті бері қарады.  Басы жарақаттанған оның 25 жастағы құрбысы  әлі есін жимапты. Келіншектің екі жасар сәбиі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.