Сенат төрағасы шикі заң жобасын алып келетін Үкімет мүшелеріне шүйлікті
Заң шығару ісіне атүсті қарауды тоқтату керек! Бүгін Сенат төрағасы парламентке шикі заң жобасын алып келетін Үкімет мүшелеріне осылай деп шүйлікті. Қасым-Жомарт Тоқаев шала жазылған заң жобасын депутаттарды қойып, оны құрастырған шенеуніктердің «өздері түсінбейді» дейді.
Автор: Досжан Маратұлы
21.09.2018
Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:
- Қабылданған заңға бір жыл ішінде жүз шақты түзету енгізген жағдайлар болды. Тіпті кейбірі бір-біріне қарама-қайшы. Өзара байланыс жоқ. Не жазылғанын ұқпайсың.
Мұны Әділет министрі де мойындап отыр. Бүгін ол Жоғары палатаға заң шығару процесін жетілдіру туралы құжатты алып келген болатын. Оған сай, Марат Бекетаев заң жобасын әзірлеуді «ағылшындардан үйрену керек» деп отыр. Айтуынша, ол елде кез келген құқықтық құжат міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өтіп, сәтті іске асады дейді министр. Бірақ сенаторлар мұнымен мәселе шелімейді дейді. Айтуларынша, ол үшін лобби жасауға тыйым салатын заң қабылдау керек. Өйткені депутаттар шикі заң жобасын өтірік қолдай салуды әдетке айналдырған.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, сенат депутаты:
- Мәселен, бюджет мәселесі қаралғанда, аймақ әкімдеріне таныс депутаттары лобби жасап отырады. Мұны барлығы біледі. Қысқасы, Парламентке кез-келген заң жобасы келсе, оны өтірік қолдайтын депутаттар көп. Сол үшін, дамыған елдердегідей, лобби жасау туралы да заң қабылдау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!