Астанада жастар жаһандық мәселелерді сөз етті
Жаһандық мәселелер жастардың көзімен. Астанада студенттер мен мектеп оқушылары әлемдегі экономикалық, саяси және адам құқығына қатысты күрделі проблемалардың шешімін іздеуде.
Автор: Жәудір Оразхан
24.09.2018
Жастар ядролық қару қолдануды тоқтату, діни алауыздық, киберқауіпсіздік пен босқындар құқығы, балалар еңбегі сынды мәселелерді дипломаттармен бірге талқылады. Орталық Азия БҰҰ Бірінші Халықаралық моделінің жұмысына біздің елімізден, Германия, Ресей, Ауғанстан, Үндістан сынды мемлекеттерден 200-ден астам делегат пен бақылаушы қатысуда. Жиын барысында спикерлер студенттерге жаһандық проблемалар жайлы баяндама жасады. Шара «Назарбаев орталығында» өткенін айта кетейік.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:
-Жастардың қатысуымен өтіп жатқан конференцияның басты мақсаты – ол еліміздің жастарын қолдау, халықаралық деңгейдегі саяси және де басқа да шараларға қатысып, оларды шешу және БҰҰ моделін құрастыру. Пайдасы – ойын ретінде өтеді де, қатысушының бәрі әрбір елдің, әрбір қатысушыныңы рөлін атқарып, әлемдік шаруаларды шешуге тырысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!