Соғыс болып жатқан Сирияда қанша қазақстандық жүргені белгілі болды
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ливандағы елшілікке келіп, ресми тіркелген азаматтардың санын жариялады.
Автор: Жәудір Оразхан
24.09.2018
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қазір Сирия аумағында Қазақстанның 22 азаматы өмір сүруде. Олар ресми тіркелген. Сирия және Ирактағы өзге де отандастарымызды анықтап жатырмыз. Оларды елге қайтарудың жолын да іздестірудеміз.
22 адамның 21-і әйел. Олар Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан. Араларындағы жалғыз ерадам ол жаққа жұмыспен барған екен. Қанды қырғын болып жатқан Сирияда жүрген жерлестеріміздің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Одан қалды, Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметіне Сирия мен Иракта қауіпті аймақта қалып қойған азаматтардың туыстарынан 20-дан астам арыз түсіпті. Қазір диломаттар оларға қандай көмек керек екенін нақтылап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!